Астананың 20 жылдығына орай ОҚО-да 20 нысан ашылады

0
1 302

Мереке қарсаңында облыста әлеуметтік және кәсіпорын сынды 20 нысан ашылып, ел игілігіне беріледі.


Астананың 20 жылдығына орай ОҚО-да 20 нысан ашылады

Оңтүстік Қазақстан облысында «Астананың 20 жылдығына - 20 нысан» акциясы басталды, деп хабарлайды ERNUR.KZ. облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Аталған мереке қарсаңында облыста әлеуметтік және кәсіпорын сынды 20 нысан ашылып, ел игілігіне беріледі.

Акция аясында Шымкент қаласындағы «Оңтүстік» индустриалды аймағында орналасқан жалпы құны 4,2 млрд теңгені құрайтын «Шымкент Темір» ЖШС-ның болат құю зауыты іске қосылады. Жылына 240 мың тонна өнім шығаратын кәсіпорын 150 азаматты жұмыспен қамтуды жоспарлап отыр.

Сонымен қатар, Шымкентте ұлттық теннис орталығы, зообақтың «Сафари» бөлігі мен Астана даңғылының бойында гүлзардың ашылу рәсімі өтеді.

Бұдан басқа мерейтой қарсаңында ел игілігі үшін облыс аумағында 4 балабақша, Шардара ауданында 10 пәтерлі екі қызметтік тұрғын үй мен Төле би ауданында 20 пәтерлі бес қабатты тұрғын үй, ал Бәйдібек ауданында 1 пәтерлі 20 коммуналдық тұрғын үй құрылысы пайдалануға беріледі.

1-6 шілде аралығында Түркістан қаласында «Яссы құс» шаруа қожалығының екінші кезеңі, сыйымдылығы 200 тонна болатын көкөніс және жеміс-жидек сақтайтын сервистік орталық ашылады.

Астана қаласының 20 жылдығына 20 нысан акциясы барысында 200 орындық мәдениет үйі мен 600 орындық мектеп, 60 балаға шақталған «Ақкен» емдеу-сауықтыру лагері және спорт нысандары мен демалыс орындары ел игілігіне тапсырылады.