"Атамекеннің" кеңсесінде туризмді дамыту мәселесі талқыланды

0
1 505

Кездесуде Ескек есу жəне желкенді спорт ассоциациясы Шымкент қаласындағы есу каналында (Бадам өзенінің басы) жаттығу базасын құру жобасын ұсынды.


"Атамекен" кəсіпкерлер палатасының кеңсесінде "Түркістан облысы мен Шымкент қаласында туризмді дамыту болашағы" тақырыбында дөңгелек үстелі өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Онда Ескек есу жəне желкенді спорт ассоциациясы Шымкент қаласындағы есу каналында (Бадам өзенінің басы) жаттығу базасын құру жобасын ұсынды. Федерация президенті Денис Жарменов жобаны жиналғандарға таныстырып, егер есу спорты үшін алаң құрылатын болса, түрлі дəрежедегі халықаралық жарыстарды ұйымдастыруға болады. Ал, дүбірлі дода өтіп жатқан кезде шет елдің көптеген делегациялары келеді, нəтижесінде қаламыздың туризмнің дамуына септігін тигізеді. Айналасынан түрлі ресторандар, демалыс орындарында құруға болады деді.

Жиында салаға қатысты мамандар қатысып, туризмді дамыту мəселесін талқылады.