Аяқсыз қалған аяқжол

0
1 754

ERNUR.KZ​. ​Қыс түскелі Шымкенттегі Тәшенов-Төреқұлов көшелерінің қиылысындағы мына суреттегі жаяу жүргіншілерге арналған аяқжол мен өткелдің тұрғындарды біраз абыржытқаны бар. Қала тұрғындарының бірінен осыған қатысты наразылық пікірді әлеуметтік желіден байқаған соң мәселені білмек болып сонда бардық.


Аяқсыз қалған аяқжол

ERNUR.KZ. Қыс түскелі Шымкенттегі Тәшенов-Төреқұлов көшелерінің қиылысындағы мына суреттегі жаяу жүргіншілерге арналған аяқжол мен өткелдің тұрғындарды біраз абыржытқаны бар. Қала тұрғындарының бірінен осыған қатысты наразылық пікірді әлеуметтік желіден байқаған соң мәселені білмек болып сонда бардық. Шым шаһардың Н.Төреқұлов-112 деп жазылып, нөмірі шала көрінетін көшедегі аяқжолдың қазіргі кейпі расымен де наразылық тудырарлықтай. Қыс бойы аяқталмаған аяқжолдың қазіргі «жатысы» мынау. Жөндеу соңына дейін жетпеген. Соңынан «аймандай ізі» қалды.

Жүргіншілер аяқжолдан көшеге өтерде жерден көзді алмаған күйі қорқа-қорқа аттап, ойлана жүреді дерсің. Олай дейтін себебіміз, мына суреттегі кісілер бір-бірін қолтықтап, абайлап қана өткенін байқауға болады.

Аяқсыз қалған жаяу жүргіншілерге арналған аяқжолдың ертерек біткенін қалайтын қала тұрғыны Гүлнар Юлдашева:

-Қыс қатты болғандықтан жұмысшыларға жұмыс істеу қиынға соққан шығар. Күн жылыды, көктемгі жұмыстар, құрылыстар басталып жатыр. Енді бұл мәселе де оң шешімін табуы керек ,-дейді.

Ал, Шымкент қалалық жол бөлімі басшысының орынбасары Абай Тұрхановқа хабаласқанымызда өзімізге дүрсе қоя берді.

Ә дегеннен-ақ «Менің нөмірімді кім берді сізге? Неге береді олар? Болмайды ғой, жұмыс телефон бар соған шығуларыңыз керек», деп өзі жұмыста болмаса да бізге талап қойды. Бастапқыда жауап беруден жалтарып, өзімізді тергеудің астына алды.

– «Тәшенов-Төреқұлов көшелерінің қиылысындағы аяқжолдарды қайта құру құрылысы әлі аяқталған жоқ. Біз биылғы жылдың қыркүйек айына дейін Қазыбек би көшесінен Ж.Аймауытоваға дейінгі көшелерді толық аяқтайтын боламыз. Аталмыш көшелерді жөніндеу үшін 600 млн. теңге қаржы бөлініп, құрылысты мердігер «ШымкентДорСтрой» компаниясы жасауда. Ал тұрғындар атқарылып жатқан жұмыстарды түсінбей сіздерге байланысса онда оларды біздің бөлімге жіберіңіздер. Барлығын түсіндіріп береміз», деді тақырында маман.

Шымкент – еліміздегі қарқынды дамып келе жатқан үш ірі мегаполистің бірі екендігін айта келе «Жол жақсарса, ел жақсарады» дегенді де назарға салғымыз келеді.