«Мен шымкенттікпін. Осында туып, өстім. Қазіргі Ш. Қалдаяқов көшесінде тұрғанмын. Маған әлі күнге дейін Шымкенттің ыстық климаты, аялдамаларда кондукторлардың айқайлағаны, базарларда қауын-қарбыздардың сатылатыны барлығы да ыстық".
ERNUR.KZ. ОҚО-да «Айка» фильмінің қоюшы режиссеры, Канн кинофестиваліндегі «Алтын пальма бұтағы» номинациясының иегері Сергей Дворцевой БАҚ өкілдерімен жүздесті. Аталмыш фильм осы жылы Канн халықаралық кинофестивалінің негізгі конкурстық бағдарламасына қатысып, ондағы басты кейіпкерді сомдаған Самал Еслямова ең мықты актриса ретінде жүлде алған еді.
Сергей Дворцевойдың айтуынша бұл фильмде Ресейдегі ұлты қырғыз мигрант қыздың аянышты өмірі жайында жан-жақты баяндалған. Біздің жерлесіміз С. Еслямованың жұлде алғаны Қазақстанның тарихында алғаш рет болып отырған оқиға екен. Мұның алдында С. Еслямова басты рөлді сомдаған Дворцевойдың «Тюльпан» фильмі ОҚО-ның Созақ өңірінде түсіріліпті.
Жалпы, «Айка» фильмінің продюсері елімізге танымал сценарист, кинопродюссер Гүлнар Сәрсенова. Прокат пен көрсетілімге жауап беретін де сол. Ал фильмнің өзі осы жылдың күз мезгілінен бастап отандық кинотеатрлардан көрсетіле бастайды.
Канн фестивалінде Польшаның фильмімен бәсекеге түсіп, Қазақстан, Ресей, Германия, Қытай бірігіп түсірген «Айка» жүлделі болған. 6 жыл түсірілген бұл фильмде қазіргі кезде әлем бойынша өзекті мәселеге айналып тұрған мигранттар жайында егжей-тегжейлі баяндалады. Бұл коммерциялық жоба емес, Сондықтан оның қайтарымы болмайды.
"Айка" фильмін түсіру тарихы туралы айтқан Сергей Дворцевой киноматографияға қалай келгенін де айтып өтті.
«Мен шымкенттікпін. Осында туып, өстім. Қазіргі Ш. Қалдаяқов көшесінде тұрғанмын. Маған әлі күнге дейін Шымкенттің ыстық климаты, аялдамаларда кондукторлардың айқайлағаны, базарларда қауын-қарбыздардың сатылатыны барлығы да ыстық. Өзім Ресейдің азаматы болсам да жанымның бір бөлшегі осы жерде қалып кеткендей сезінемін. Менің негізгі мамандығым техник. Авиацияда көптеген жылдар бойы жұмыс істегенмін. Бірде «Южный Казахстан» газетін қолыма алып отырсам, режиссерлар мен сценаристтердің жоғарғы курсына қабылдау жөнінде хабарландыруды көзім шалып қалды. Содан аталған мекен-жайға өзімнің жобамды жібердім. Бірнеше күннен кейін қабылданғаным жөнінде хат келді. Бұдан кейін бірнеше конкурстардан өтіп, кино әлеміне келдім» - деді С. Дворцевой.