Бас имам кір тасын көтеруден алдына жан салмады

0
3 217

Әлижан Бекбауов 50 рет кір тасын көтеріп озық шықса, қол күресінен екінші орынға ие болды


Бас имам кір тасын көтеруден алдына жан салмады

ERNUR.KZ. Отырарлықтар мерекені ерекше дайындықпен қарсы алды, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Атап айтсақ, сындарлы уақыт сәтінде тосқауылға ұшырап, тыйым салынған Құрбан айт мерекесі Тәуелсіздік таңымен бірге қайта жүзеге асқаны белгілі.Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев арнайы Жарлықпен Құрбан айттың бірінші күнін ресми демалыс ретінде жариялады. Бұл игі қадам Қазақстан халқының ынтымағы мен бірлігі,имандылығы жолындағы ізгі қадам.

Мұсылман баласының ұлық мерекесі -қасиетті Құрбан айтты Отырар ауданы ерекше ынта-ықыласпен қарсы алды.Ауданның барлық мешітінде таң атысымен уағыздар айтылып, барша жұртшылық Алла үйіне ағылды. Ауданның бас имамы Әлижан Бекбауов намазға жиналған қауымға Құрбан айт мерекесінің маңызы, мұсылманның парызы жөнінде ғибратты әңгіме айтты. Жамағатпен бірге оқылған намаздан соң, бас имам Алладан шапағат сұрап, дұға тілегін арнады. «Арыстанбаб» мешітінде оқылған айт намазынааудан басшысы Айтаханов Ерлан Қуанышұлы және зиялы қауым өкілдері де қатысты.

Сондай-ақ, Айт намазынан соң ата-баба әруағына құран бағыштап, бір-бірінің шаңырағына бас сұғып, "Айт құтты болсын!" дескен отырарлықтарежелгі бабалар жасаған ізгі дәстүрді белсенді түрде қайта жаңғыртып, аудан әкімі мен бас имамның ұйымдастыруымен рухани өсумен қатар физикалық дамуды насихаттау мақсатында- арқан тартыс, қол күрес, кір тасын көтеру сияқты спорттық ойындардан жарыс өткізді. Білектегі күші, шымырлығын сарапқа салып, жарысқа түскен арасында ауданның бас имамы Әлижан Бекбауов 50 рет кір тасын көтеріп озық шықса, қол күресінен екінші орынға ие болды.

Шара соңында барша жеңімпаздар арнайы сыйлықтармен марапатталды.