Бір әулет – 130 жыл бойы бір ата кәсіп

0
2 297

Әулет темір бұйымдар жасаумен айналысады.


Бір әулет – 130 жыл бойы бір ата кәсіп

ERNUR.KZ. Түркістан облысы Келес ауданында теміршілер әулеті өмір сүреді.

Түркістан облысы Келес ауданы Абай ауылында 130 жылдан бері халықтың күнделікті тұрмыста қолданатын темір бұйымдарын жасаумен айналысып келген Хашимовтар әулеті тұрады. Қазіргі таңда Зәкір, Әділ, Бахрам атты Зайыр атаның ұлдары еңбек етіп, ата кәсіптерін жалғастырып жатыр. Зайыр атаның өзі осы кәсіппен 70 жылдан бері айналысып келеді.

Аталған теміршілер әулеті алғаш кәсіптерін бастаған кезінде темірді Қазығұрт тауларынан арнайы өздері барып алып келіп, өңдеп, қажетті заттарын жасап шығаратын болған. Бүгінгі таңда кәсіпті жалғастырып жатқан ұлдары қажетті шикізатты жергілікті темір қабылдайтын орындардан алып, ауыл шаруашылық саласында қолданатын заттарды жасап шығаруда.

Дереккөз: Келес ауданы әкімінің баспасөз қызметі