Бұл туралы Түркістан қаласы әкімінің орынбасары Жандос Баирханов айтып берді.
Түркістанда инженерлік инфрақұрылым мәселелері өз шешімін тауып келеді, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.
Инженерлік инфрақұрылым, соның ішінде сумен жабдықтау, су тарту жүйесі, газ және электрмен жабдықтау бойынша көптеген мәселелер бүгінде кезеңімен іске асуда.
Қала халқын және нысандарды тұрақты және үздіксіз электрмен жабдықтауды қамтамасыз ету мақсатында үш қосалқы станцияның құрылысы жоспарланып отыр. Сондай-ақ, Түркістан қаласындағы экологиялық жағдайды жақсарту үшін ағымдағы жылдың соңына қарай халықтың 56%-ын газдандыруды көзеп отыр.
Ал су жүйесі Арыс-Түркістан каналы арқылы тартылады. Қала көшелерімен өткен каналдар ыстық ауа-райында салқындық туғызып, ыңғайлы орта қалыптастырады. Бұдан бөлек Түркістан қаласындағы көгалдандыру жүйесін суғаруға арналған құдықтар қазылып жатыр.
Кентау қаласы бойынша су құбырларын тазалау құрылыстары жүретін болады. Бұл қала экологиясына кері әсерін тигізіп жатқан зиянды жағымсыз иіс пен сырттан келетін ағынды сулардан тазалауға мүмкіндік береді. Сондай-ақ, алдағы екі жылда жылумен қамтамасыз ету жүйесі жаңартылып, қаланың барлық тұрғындары сапалы жылумен қамтамасыз етілетін болады.