Дархан Сатыбалды төлебиліктермен кездеседі

0
305

ТӨЛЕБИ АУДАНЫННЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫНЫҢ НАЗАРЫНА!


Дархан Сатыбалды төлебиліктермен кездеседі

Түркістан облысының әкімі Дархан Амангелдіұлы Төлеби ауданының тұрғындарымен кездеседі, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 3 наурыздағы «Әкімдердің халықпен кездесулерін өткізу туралы» №826 Жарлығын іске асыру аясында Түркістан облысының әкімі Дархан Амангелдіұлы Сатыбалдының Төлеби ауданының тұрғындарымен кездесуі 2024 жылғы 31 мамырда сағат 11.00-де аудандық мәдениет үйінде (Ленгір қаласы, Төлеби көшесі №237), жеке қабылдауы сағат 12.00-де аудандық ардагерлер үйі ғимаратында (Ленгір қаласы, Әйтеке би көшесі №50 В) өтетінін хабарлаймыз.


Облыс әкімінің жеке қабылдауына жазылу үшін 8(72533) 5-98-99, 5-93-97 байланыс телефондары және «Е-өтініш» ақпаратттық жүйесі арқылы 2024 жылғы 30 мамырға дейін сағат 9.00–19.00 аралығында (түскі үзіліс сағат 13.00 - 15.00) жүргізіледі.


Тиісті мекемелердің қатысуын қамтамасыз ету және кері байланыс орнату мақсатында өтініш берушінің аты-тегі, сұрақтың мәні, мекен-жайы, байланыс телефоны және электронды пошта (бар болған жағдайда) нақты көрсетілуі қажет.