ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫ ТҰРҒЫНДАРЫНЫҢ НАЗАРЫНА!
Түркістан облысының әкімі Сатыбалды Дархан Түркістан қаласының тұрғындарымен кездеседі, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 3 наурыздағы «Әкімдердің халықпен кездесулерін өткізу туралы» №826 Жарлығын іске асыру аясында Түркістан облысының әкімі Сатыбалды Дархан Амангелдіұлының 2023 жылғы 1 ақпан, сағат 15.00-де Түркістан қаласының тұрғындарымен кездесуі, сағат 16.00-де жеке қабылдауы "Ақжайық" музыкалық мектебінде (Отырар м/а, №19 ғимарат) өтетінін хабарлаймыз!
Облыс әкімінің жеке қабылдауына жазылу үшін 8(72533)-5-98-99 байланыс телефоны және t.akimat@ontustik.gov.kz электронды почта арқылы 2023 жылғы 31 қаңтарға дейін сағат 9.00–19.00 аралығында (түскі үзіліс сағат 13.00 – 15.00) жүргізіледі.
Тиісті мекемелердің қатысуын қамтамасыз ету және кері байланыс орнату мақсатында өтініш берушінің аты-тегі, сұрақтың мәні, мекен-жайы, байланыс телефоны және электронды почта (бар болған жағдайда) нақты көрсетілуі қажет.