Экспорт көлемін арттырудың алғышарттары талқыланды

0
1 563

Тасымалдау мен экспорттауды жандандыру туралы келелі ойлар айтылды.


Экспорт көлемін арттырудың алғышарттары талқыланды

ERNUR.KZ. Түркістанда «Қазақстан Республикасы Ұлттық экспорттық стратегиясы» атты жиналыс өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Түркістан облысы әкімдігі және «ОҢТҮСТІК» АИО-ның ұйымдастыруымен«Қазақстан Республикасы Ұлттық экспорттық стратегиясы» 2018-2022 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру бойынша кеңейтілген жұмысжиналысы өтті. Басқосуға облыс әкімінің орынбасары Е.Тасжүреков, аудан басшылары, экспорттаушы кәсіпорындар мамандары қытысты.

Сондай-ақ, облыс тарапынан экспорттық әлеуеті бар кәсіпорындарға кешенді қолдау көрсету мен дамыту тұрғысы сөз болған жиында экспортталатын өнімдердің көлемін ұлғайту мен өнім сапасын арттыру жайы талқыланды. Жоғарыда аталған бағдарламаның басты мақсаты – 2022 жылға қарай шикізаттық емес экспорттың көлемін 1,5 есеұлғайту және тауарлар мен қызметтерді экспортқа өткізу нарығын әртараптандыру үшін жағдай жасау болып табылады.

«Елбасымыз Н.Назарбаев қазіргі таңда экспорттық саясатқа аса көңіл бөліп отыр. Былтырғы жылы Ұлттық экспорт стратегиясы қабылданған болатын. Бүгінгі күні Үкімет жанынан экспорттық әзірлеу саясаты кеңесі жұмыс жасауда. Сол себепті облыстағы экспорттаушы кәсіпкерлермен тығыз байланыстамыз. Бәсекелестікті арттыру мен сапалы тауар өндіруші деген атаққа ие болу үшін нарықта өз орнымызды айшықтауымыз қажет»,-деді облыс әкімінің орынбасары Е.Тасжүреков.


Сонымен қатар, жиынға қатысушылар осы мәселе төңірегінде ойларын айтып, тиісті сала мамандарына сұрақтар қойды. Солардың бірі Түркістан облысы кәсіпкерлер палатасы Түркістан қалалық филиалының директоры Нәлібай Дәрібаевсуы тапшы елді мекендерде түйе шаруашылығын дамытып, өркендетуді ұсынды. Себебі, ол күз мезгілініңорта шегінде іске қосылғалы отырған «Golden camel» зауытына қымыран өнімін жеткізуді қамтамасыз етуіміз керектігін алға тартып отыр.Осы және өзге декәсіпкерлік саласындағы қатысты өзекті мәселелер көтерілген жиында тасымалдау мен экспорттауды жандандыру туралы келелі ойлар айтылды.