«Туған өлке – тұнған шежіре» атты интеллектуалды ойыны өтті

0
2 656

Интеллектуалдық ойын Тәуелсіздіктің 27 жылдығы мен Астананың 20 жылдығына арналды.


«Туған өлке – тұнған шежіре» атты интеллектуалды ойыны өтті

Еліміздің Тәуелсіздік күні мерекесі қарсаңында Түркістан облысы, Мақтарал ауданы «Мақтарал» Аграрлық колледжінде Тәуелсіздіктің 27 жылдығы және Астананың 20 жылдығына арналған «Туған өлке – тұнған шежіре» атты интеллектуалды ойыны өткізілді, - деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Биыл еліміздің ең басты тұғыры саналатын Тәуелсіздігімізге 27 жыл, ал Қазақстанның өткенінен болашаққа ауысуының нышандық оқиғасы – Астана қаласына 20 жыл толды. Ел тарихында алтын таңба болып қалатын осы екі құндылығымызға жастардың құрметін арттыру, бейбітшілік пен татулық туын биікке көтеретін шынайы патриоттарды тәрбиелеу мақсатында ұйымдастырылған интеллектуалдық ойында оқушылар өз білімдерімен сайысты.

27 жылда жеткен жетістерімізді айшықтаған білім жарысына қатысқан «Мақтарал» Аграрлық колледжінің оқушылары «Таныстыру», «Сыр сандық», «Менің сүйікті пәнім», «Көрермен көзайымы» атты төрт бөлімде Қазақстан Республикасының сан ғасырлар бойғы азаттық жолындағы күресінің, сол жолдағы көрген азаптары мен қиындықтарының елеулі оқиғаларын атап, ел тарихына терең үңілді.

Бұл интеллектуалдық ойын оқушыларға Егемен еліміздің өткені мен бүгінін салыстыра отырып, басты байлығымыз – Тәуелсіздік екенін ұқтырып, Отанды сүюге, туған еліне, жеріне деген сүйіспеншілігін арттырды, өз елінің мұрасын жалғастырушы азамат болуға тәрбиеледі.