“KASKASU” пленэрі: 6 елден жиылған атақты суретшілер тәжірибесімен бөлісті

0
2 419

Болашақта суретші болам дейтін балалар, аудандағы көркемсурет мектебінің оқушылары – шығармашылық сабақтың қатысушылары болды.


“KASKASU” пленэрі: 6 елден жиылған атақты суретшілер тәжірибесімен бөлісті

ERNUR.KZ. Төлеби ауданында 6 елден жиылған атақты суретшілер халықаралық “KASKASU” пленэрінің аясында өзінің тәжірибесімен бөлісті, деп хабарлайды ERNUR.KZ Төлеби ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Атап айтсақ, Төлеби ауданындағы “KASKASU” Халықаралық суретшілер плэнерінің үшінші күнінде шеберлік сабағы өтті. Болашақта суретші болам дейтін балалар, аудандағы көркемсурет мектебінің оқушылары – шығармашылық сабақтың қатысушылары болды.

Сонымен қар, шеберлік сабақ барысында суретші аға буын өз тәжірибесімен, өнер әлеміне алғаш қалай қадам басқандары туралы естеліктерімен бөлісіп, сурет салуда, еңбектің қандай түрінде болмасын, ешқандай қиындыққа мойымай бастаған істі соңына дейін жеткізу керек екенін түсіндірді.

Содан кейін, суретші ағаларының әсерлі әңгімесінен шабыт алған оқушылар демалыс аумағының ауласына шығып, өздері сурет салуға кірісті. Мұнда да, шеберлер ашық аспан астында жас суретшілерге кез-келген көрменің көркін ашатын суретті қалай салуды үйретті, іс жүзінде көрсетті.

Айта кетейік, суретшілердің пленэр барысындағы әрбір сағаты жоспарланған. Қылқалам шеберлері Төлеби ауданынан бөлек, Түркістан қаласында, Отырар, Ордабасы, Бәйдібек аудандарында болып, ондағы көрікті де киелі жерлерді қағаз бетінде түсірді.

Еске сала кетсек, пленэр 27 шілде күні «Тау Самалы» демалыс аймағында мәресіне жетіп, соңынан марапаттау рәсімімен және гала-концертпен қорытындыланады.