​Қазақстан Мұсылмандар діни басқармасының өкілі Сарыағаштағы діни ахуалмен танысты

0
1 544

Өңірдегі дін саласында болып жатқан мәселелерге тоқталып, олардың шешімін табу жолында бірлесіп жұмыс істеу керектігіне тоқталды.


​Қазақстан Мұсылмандар діни басқармасының өкілі  Сарыағаштағы діни ахуалмен танысты

Қазақстан Мұсылмандар діни басқармасының орынбасары, бірінші наиб муфти, Түркістан облысы бойынша өкіл имамы Наурызбай қажы Тағанұлы іс-сапармен Сарыағаш ауданына келді, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Аудан әкімінің қабылдауында болған өкіл имам қазіргі таңдағы өңірдегі дін саласында болып жатқан мәселелерге тоқталып, олардың шешімін табу жолында бірлесіп жұмыс істеу керектігіне тоқталды.

- Дін - адамзат тарихының үлкен тағылым-тәрбиесінің бірі және сарқылмас даналық көзі. Егемен ел болып қалыптасуымыз, мемлекетіміздің өсіп, өркендеуінде діннің алатын орны зор. Өйткені, дін - имандылықтың, әділдіктің, сыпайылықтың, парасаттылықтың, төзімділіктің кепілі. Діні, тілі жоқ халықтың – болашағы бұлыңғыр, деді аудан әкімі Қайрат Амангелдіұлы.