Қазығұртта автокөліктердегі өрт қауіпсіздігі түсіндірілді

0
1 510

Төтенше жағдайлар бөлімінің мамандары мен аудандық патрульдік полиция бөлімінің қызметкерлері бірлесіп өткізген рейдте автокөліктегі өрт қауіпсіздігінің ережелері мен алдын алу қағидалары түсіндірілді.


Қазығұртта автокөліктердегі өрт қауіпсіздігі түсіндірілді

Түркістан облысы, Қазығұрт ауданының төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері қауіпсіздік және техникалық ережелерді сақтамаған жағдайда автокөліктерде орын алатын өрттердің алдын алу мақсатында жол патрульдік полиция қызметінің қызметкерлерімен бірлесіп рейдтік іс-шара жүргізді, - деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Қазығұрт аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің мамандары мен аудандық патрульдік полиция қызметінің қызметкерлері бірлесіп өткізген рейдте қоғамдық және жеке автокөлік жүргізушілеріне көліктегі қауіпсіздікті сақтау шаралары түсіндірілді.

Автокөлік иелеріне автокөлікті дер кезінде техникалық байқаудан өткізу, автокөліктердің электр желілерін және де басқа жүйелерін білікті мамандардың көмегімен уақытылы тексеруден өткізіп тұру, автокөлікті өрт сөндіргішпен қаматамсыз ету жөнінде ескертілді. Сондай-ақ, көлікке гаражда жанармай құюға және гаражда электр дәнекерлеуге, бояулық жұмыстарды жүргізугеге және бөлшектерді жанармаймен жууға қатаң тыйым салынды.

Сонымен қатар, өрт оқиғасы орын алған жағдайда, жүргізуші автокөлікті тоқтатып, қоғалтқышты өшіру, аккумулятор батареясын ажыратып жолаушыларды қауіпсіз жерге көшіру секілді алғашқы шаралар жөнінде нұсқамалар жүргізілді.

Рейдтік іс-шара барысында қоғамдық және жеке автокөлік иелеріне өрт орын алған кезде «101», «112» телефон нөмірлеріне хабарлау керектігі жазылған өрт қауіпсіздік ережелерінің жадынамалары таратылды.