«КелесПласт» ЖШС ішкі нарық қажеттіліктерін толық қамтиды

0
1 862

Сонымен қатар, жылыжаймен де айналысады


«КелесПласт» ЖШС ішкі нарық қажеттіліктерін толық қамтиды

ERNUR.KZ. Келес ауданына ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты келді, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Бүгін Түркістан облысы Келес ауданына ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Берік Серікұлы Оспанов іс-сапармен келді.

Сапар барысында Келес ауданы, Біртілек ауылдық округі, Еңбекші елді мекенінде орналасқан «КелесПласт» ЖШС ұжымымен кездесіп, жұмыс барысымен танысты. «Келес Пласт» ЖШС директоры Нұржан Омаров өндіріс процесімен таныстырып, өнімдер сұрыпталымын соңғы шыққан өңдеу технологияларының көмегімен пайдаланылған материалдардан жасалған жіптермен полиэтиленді жабындарды көрсетті. Нұржан Умаровтың айтуынша, шикізат шаруашылық субъектілерінен сатып алынады, ал дайын өнімдер ауыл шаруашылығының әр түрлі салаларында қолданылады және ішкі нарық қажеттіліктерінің 100% қамтиды. Бұдан өзге, қалдықтар мен полиэтиленді қайта өңдеу ауданның экологиясына оң әсер етеді.

Атап айтсақ, «Келес Пласт» ЖШС цехы 2018 жылдың ақпан айында іске қосылған. Жобаның жалпы құны 150 млн теңгені құрайды. Кәсіпорын 10 адамды жұмыспен қамтыған. Негізгі қызмет түрлері жылыжай шаруашылықтары үшін полиэтиленді жабындарды өңдеу мен өндіріу, жылыжайларға арналған металл қысқыштар мен көшет материалына арналған пластикалық стақан шығару, полиэтиленді тоқыма кендіржібін өндіру болып табылады. Нұржан Умаров Келес өңірінде жылыжаймен де айналасып халықты жұмыспен қамтып елдің алғыс алып жүрген азамат.