Келесте ​«Сотқа дейінгі татуластыру рәсімдері» бойынша жиын өтті

0
2 651

Бұл іс-шараның мақсаты адамдарды бітімгершілікке шақыру.


Келесте ​«Сотқа дейінгі татуластыру рәсімдері» бойынша жиын өтті

Түркістан облысына қарасты Келес аудан әкімдігінде дауларды сотқа дейінгі шешу тетіктерін дамыту мәселесі талқыланды, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының «Татуластыру: сотқа дейін, сотта» жобасын жүзеге асыру мақсатында өткен жиынға судьялар, сот жүйесінің ардагерлері, медиаторлар, аудан прокуроры, аудан әкімдігі, аудандық полиция, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері қатысты.
Іс-шараға қатысушылр дауды сотқа дейін татуласу арқылы шешудің ролі мен маңызын, тиімділігі мен ыңғайлылығын айтып, ол жөнінде тұрғындар арасында насихаттау, түсіндіру жұмыстарын кеңінен жүзеге асыру керектігін сөз етті.
Сондақ-ақ, мемлекеттік мекемелер және үкіметтік емес ұйымдардың өкілдерінің, медиаторлардың қатысуымен дөңгелек үстелдер, баспасөз мәслихаттар, брифингтер өткізу керектігі айтылды.
Аталған тақырып бойынша БАҚ-да мақалалар жазып шығару, аудан аумағындағы барлық оқу, денсаулық сақтау орындарында медиация кабинеттерінің ашылуын, телеарна, радио желілерінен татуластыру рәсімдері туралы ақпарат беру қажеттілігіне қатысушылардың көңілін аударды.
Іс-шарада Келес аудандық сотының төрағасы Нурбол Ешпанов жиынды ашып, Жоғарғы Сот бастамасымен ашылуы жоспарланып отырған сотсыз татуласу орталығы пилоттық жобасын жан-жақты талқылап, түсіндіру мақсатында бас қосып отырғанын айтты.
«Бүгінгі күні азаматтық істі қарайтын соттарға түсетін арыздардың көпшілігін тұрғын үй қатынастарынан, жария шарттар негізінде, салықты және өзге де міндетті төлемдерді өндіруден туындайтын даулар құрап отыр. Осындай дауларды татуласу рәсімімен аяқтау игі іс болар еді», - деді ол.