​Кентау қаласында 4 нысан пайдалануға берілді

0
2 693

Астананың 20 жылдық мерейтойына орай Кентау қаласында төрт нысан ашылды деп хабарлайды ERNUR.KZ.


​Кентау қаласында 4 нысан пайдалануға берілді

Астананың 20 жылдық мерейтойына орай Кентау қаласында төрт нысан ашылды деп хабарлайды ERNUR.KZ Otyrar.kz сайтына сілтеме жасап.

Ең алдымен қаладағы Дулатов көшесінде орын тепкен жүзу бассейнінің ашылу салтанаты болды. Қазіргі кезде бассейн жазғы уақытта қолдануға толығымен дайын, спорттың көптеген түрлерінен үйірмелер жұмыс жасауда. Нысан бойынша барлық құрылғыларды сынақтан өткізу жұмыстары жүргізілді, сонымен қатар құрылыс монтаждау жұмыстары толығымен аяқталып, нәтижесінде бассейн стандартқа сәйкес қатқыл тазарту сүзгісі, жарықтандыратын сүзгі,сорғы агрегат, ілмекті- реттеуші арматура, құбыр желісі, суды реттеуші қызметіне ие, сапалы Astrlpool Испания Vesubio сүзгілері орнатылды. Нысанның әкімшілік ғимаратында 44 душ бөлмелері жұмыс жасап жатыр және жаз мезгілінде душтағы суды жылыту үшін үнемді қазандық іске қосылған, сонымен қатар нысанның түнгі уақытта толлыққанды жұмыс жасауы үшін жарықтар және бейне-бақылау камераларымен жабдықталған. Жоба бойынша нысанның электр желісінде қиындықтар туындамасы үшін бөлек трансформатор іске қосылған.

Екінші болып лентасы қиылған нысан екі бірдей сүт қабылдау бекеттері. Олар «Құсшы Ата» мен «Исмет ата» ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативінің модульдік сүт қабылдау бекеттері. Сүт бекеттерінің жалпы құны 5 млн тенге. Әрқайсысындағы өнім сыйымдылығы 2000 литрді құрайды. Бүгінде жалпы ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативтерінде 77 адам мүшелік етеді.

Айбарлы Астананың мерекесіне орай Кентау қаласы Сейфуллин және Яссауи даңғылдарының қиылысында Астананың 20 жылдығына арналған белгі орнатылды. Онда Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың Астана жайында айтылған дана сөздері жазылған. Ортасында айшықты Астананың бәйтерегі бейнеленген.