Кентау мен Түркістанның арасындағы жол кеңейеді

0
1 981

​Алдағы уақытта қалаға қарасты Оранғай ауылында арнайы экомикалық аймақ салынады. Бұл мақсатқа бүгінде 395 гектар жер бөлінген.


Кентау мен Түркістанның арасындағы жол кеңейеді

Кентау қаласы облыс орталығы Түркістанмен қатар дамиды, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Алдағы уақытта қалаға қарасты Оранғай ауылында арнайы экомикалық аймақ салынады. Бұл мақсатқа бүгінде 395 гектар жер бөлінген. Аймақта құрылыс кластеріне жататан кәсіпорындар орналасады деп күтілуде.
Сондай-ақ, Түркістан қаласының әуежайыда Кентау қаласының аумағында салынып жатыр.
Келер жылы екі арадағы жол кеңеймек. Облыс орталығын азық-түлікпен қамту мақсатында азық-түлік белдеу қалыптасады деп күтілуде.
Ал, қалада қазірдің өзінде көптеген өзгерістер орын алып, ауқым істер атқарылуда. Бүгінде жолдар жөнделіп, тұрғын үй құрылысы қарқын алған.
Биылғы жылы 60 пәтерлі 10 үйдің құрылысы жүріп жатыр. Сондай-ақ, С.Сейфуллин көшесі мен Д.Қонаев даңғылы бойынан салынған екі көпқабатты тұрғын үйде жақын арада пайдалануға беріледі деп жоспарлануда.
Жалпы, 2017 жылдан бері қалада 360 пәтер пайдалануға берілген болса, 2021 жылға дейін 1560 пәтер ел игілігіне тапсырылады деп жоспарланып отыр.
Қаладағы ауысымына 500 келушіні қабылдайтын жаңа емхана мен Қарнақ ауылындағы «Ақын тума» мектебінің жаңа ғимараты да жыл соңына дейін пайдалануға берілмек.