«Кентау-Түркістан әуежайы» бағытындағы жол аяқталуға жақын

0
719

Жолдың ұзындығы 26 шақырымды құрайды.


«Кентау-Түркістан әуежайы» бағытындағы жол аяқталуға жақын

«Түркістан қаласына Кентау қаласынан кіреберіс жолды қайта құру» нысанының жұмыстары жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Түркістан облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының тапсырысымен 2020-2023 жылдары "Түркістан қаласына Кентау қаласынан кіреберіс жолды қайта құру" нысанының жұмыстары жүргізіліп жатыр.


Жобаға сәйкес жолдың ұзындығы 26 шақырымды құрайды. Бүгінгі таңда жолдың жоғарғы қабаты, майда түйіршікті асфальтобетон жабындысы салынып жатыр. Нысан биыл қыркүйек айында толығымен пайдалануға берілмек.


Еске сала кетсек, мердігер мекеме "Корпорация Береке А" ЖШС, авторлық қадағалаушы мекеме - "Алматы Жоба" ЖШС, техникалық қадағалаушы мекеме - "Ер-гарант строй" ЖШС.