​Кентауда «Жедел жәрдем» станциясы бар емхананың құрылысы жүріп жатыр

0
2 136

Көгілдір отын тарту мәселесі де 2020 жылдың соңына қарай басталады деп күтілуде.


​Кентауда «Жедел жәрдем» станциясы бар емхананың құрылысы жүріп жатыр

Кентау қаласының әкімі Әбдібақыт Мақұлбаев Түркістан облысының өңірлік коммуникациялар қызметінде БАҚ өкілдерімен өткен баспасөз мәслихатында осы жылдың 10 айының қорытындысы бойынша қаланың жалпы өнім көлемі 87 млрд 313 млн теңгені құрап, былтырғы жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 2,6 есе артқан деп мәлімдеме жасады, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

«Негізгі капиталға тартылған инвестиция көлемі 12315,4 млн теңгеге жетіп, нақты өнім индексі 160 пайызды құрады. Сонымен қатар, үстіміздегі жылдың он айында өнеркәсіп кәсіпорындар 26379,1 млн теңгенің өнімін өндірді. Нәтижесінде 100 жаңа жұмыс орындары ашылды. Кентау қаласы толықтай ауыз сумен қамтылған, алдағы жоспар бойынша Түркістан құрамынан енген он екі ауылдық округтердегі ауыз су мәселесін шешу жолға қойылатын болады. Көгілдір отын тарту мәселесі де 2020 жылдың соңына қарай басталады деп күтілуде», - деді Әбдібақыт Тілләбайұлы.

Кентау қаласында жемқорлықты болдырмау бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуді электоронды форматқа өткізу 63 пайызды құраған. Қала әкімдігі бұл көрсеткішті алдағы уақытта 90-100 пайызға жеткізуге жұмыс жасайтын боламыз дейді.

Медицина саласында да оңды өзгерістер орын алмақ. Кеншілер кентінде аусымына бес жүз адамды қабылдауға қауқарлы және жанында «Жедел жәрдем» станциясы бар емхананың құрылысы жүріп жатыр. Былтырғы жылы басталған емхана құрылысы толықтай келесі жылдың қыркүйек айында халық игілігіне пайдалануға беріледі деп жоспарланып отыр. Жобаның құны1 млрд 600 млн теңгені құрайды. Сондай-ақ, қалаға қарасты ауылдық округтердегі тозығы жеткен медициналық мекеме ғимараттарын күрделі жөндеуден өткізіп, жаңартуға да көңіл бөлінбек.