Кентаулық ісмер құдаларға киітке мата орнына домбыра сыйлады

0
3 673

Ұлттық дәстүрді дәріптеп жүрген Бекжігіт Сердәлі «Қысық көздердің жабайы бизнесін байыта бергенше» Тәуірбек сияқты кит қоюдың осындай бір дәстүрін енгізуді ұсынады.


Кентаулық ісмер құдаларға киітке мата орнына домбыра сыйлады

фото: otyrar.kz

Кентаулық қолөнер шебері Тәуірбек Дүйсенбиев ұлының құдалығында шаңырағына жаңа келген жекжаттарына бір-бір домбырадан сыйға тартты, -деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Бұл туралы Түркістандық танымал журналист Бекжігіт Сердәлі өзінің Facebook желісіндегі парақшасында жазды.

«Бізде, оңтүстікте, құдалықтан соң келген құдаларға кит кигізу дәстүрі бар. Жаңа жегжат елдеріне не ілуге, не киюге жарамсыз тең-тең қытай көйлек-көншектерін арқалап қайтатын.
Кентаулық ісмер дос-бауырым Тәуірбек Дүйсенбиев ұлының құдалығында осы қасаң қағиданы бұзып, келген әрбір құда-құдағиға кит орнына бір-бір домбырадан тарту етті. Әдепкіде арзанқол мата алып үйренген құдалар шамданып қалмас па екен деп ойлағанбыз. Жоқ, жүздерінен разы болғандықтары байқалды»,-деп жазады журналист.
Ұлттық дәстүрді дәріптеп жүрген Бекжігіт Сердәлі «Қысық көздердің жабайы бизнесін байыта бергенше» Тәуірбек сияқты кит қоюдың осындай бір дәстүрін енгізуді ұсынады.

«Мәселен, мата орнына "Дәстүр" төрт томдығын, "Абай жолы" қос томдығын, "Қазақстан" энциклопедиясын сыйға тартсақ қандай жарасымды»,-дейді ол.