Кентаулықтар Түркістанның гүлденуіне ерекше үлес қосуда

0
841

50-ге жуық жұмысшы мен 6 техника жұмылдырылған.


Кентаулықтар Түркістанның гүлденуіне ерекше үлес қосуда

Кентау қаласының әкімдігіне бекітілген көшелердің жалпы ұзындығы 8,2 шақырымды құрайды, - деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Түркістан қаласын көркейтіп, көгалдандыру мақсатында облыс басшысы Өмірзақ Шөкеевтің тапсырмасымен шаһар 32 секторға бөлініп, аудандық, қалалық әкімдіктер мен облыстық басқармаларға жүктелді. Соның қатарында 7-секторға жауапты Кентау қаласы әкімдігі де бар. Кентаулықтар өздеріне тиесілі жерге 7 мыңнан астам ағаш көшеттері отырғызылып, оларға минералды тыңайтқыштар беріліп тиісті күтім жасалуда. Сондай-ақ, ағаштарды тұрақты түрде суғарып тұру үшін арнайы ұңғыма қазылуда. Алдағы уақытта тамшылатып суару жүйесі енгізілетін болады.

Кентау қаласының әкімдігіне бекітілген көшелердің жалпы ұзындығы 8,2 шақырымды құрайды. Онда 50-ге жуық жұмысшы мен 6 техника жұмылдырылған.

Айта кетейік, бұған дейін Кентау қаласының әкімдігі Түркістан қаласының «Ақ мақта» шағын ауданында футбол алаңшасы мен балаларға арналған спорттық воркаут сыйға тартқан болатын. Сондай-ақ, Б.Майлин көшесіне 1200 метр аяқ жол мен асфальт төселді. 14 дана орындық пен 14 дана қоқыс жәшік, 10 дана жарықшам қойылды. 1500 шаршы метр жерге шым (газон) егілді. 2 аялдаманың құрылысы толық аяқталып, ел игілігіне тапсырылды.