Қоғам белсендісі Арыс қаласының қоқысқа көміліп жатқанын айтты (видео)

0
723

«Бірақ, бұл билік өкілдерін алаңдатпайды».


Қоғам белсендісі Арыс қаласының қоқысқа көміліп жатқанын айтты (видео)

Арыс қаласының айналасы құрылыс қалдықтарының қоқысына толғаны туралы жарияланды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Бұл туралы қоғам белсендісі Зауре Мирзаходжаева Facebook әлеуметтік желісіндегі жеке парақшасында жариялады.

«2019 жылы Арыста жарылыс болып, бүкіл ел бірігіп, қаланы қалай қалпына келтіргені, сол кезде пайда болған #BizBirgemiz ұранын халық қалай мақтан тұтқаны естеріңізде ме? Енді не болып жатқанын қараңыз. Арыс қаласының шет жағын қандай қоқысқа толтырғанымызға қараңызшы... Бүгінгі таңда стихиялық полигон бір жарым-екі шақырымға созылып жатыр. Арыс қаласын қалпына келтірушілер мен қиратушылар барлық құрылыс қалдықтарын осында әкеліп төккен. Олар мұны заңсыз жасады. Бұл жерде тұрмыстық заттардың қалдығы толып жатыр. Бірақ, бұл билік өкілдерін алаңдатпайды. Қоқыс маңындағы ауыл тұрғындары Экология министрлігіне, облыстық және аудандық әкімдіктерге шағым да жазған. Нәтижесінде жергілікті ЖКХ бөлімінің бастығына айыппұл салды және одан кейін тынышталып қалды. Ал, қоқыс қатерлі ісік сияқты үлкейіп, қаланың жағымсыз тұсына айналып жатыр», - делінген қоғам белсендісінің жазбасында.

Сондай-ақ, жазба соңында облыс әкімдігінің баспасөз хатшысына «Мұнда тәртіп орната алатын кім бар? Қалаға жарылыс апаты жетпеді ме?» - деген сауал жолдаған.


Аталған мәселеге қатысты Арыс қаласы әкімінің баспасөз қызмет жауап беріп, Арыс қаласының әкімі Г.Құрманбекова қоқыс тастайтын полигондардың жағдайымен танысқанын жеткізген.

«2019 жылы Арыс қаласында орын алған төтенше жағдай салдарынан қордаланған жарамсыз құрылыс қалдықтары жиналған. Мәселені түбегейлі шешу үшін, қала айналасына тасталған тұрмыстық қоқыс пен құрылыс қалдықтарын жою мақсатында, шұғыл түрде құрылыс қалдықтарын тастайтын полигон ашу үшін, сәуір айында өтетін сессияда жергілікті бюджеттен қаржы бөлуге тапсырма берілді. Қазіргі таңда бюджеттік Кодекске сәйкес, тиісті құжаттар жинақталып, бюджеттік комиссияның қарауына ұсынылды. Тиісті құрылыс қалдықтарын жою мәселесі қала әкімінің бақылауында», - делінген баспасөз қызметінің жауабында.