​Кореялықтар шымкенттіктерге үй салып беретін болды

0
1 649

ERNUR.KZ.Бүгін Шымкентте тарихи маңыздылығы зор оқиға болды.


​Кореялықтар шымкенттіктерге үй салып беретін болды

ERNUR.KZ.Бүгін Шымкентте тарихи маңыздылығы зор оқиға болды. «Шымкент» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы, Шымкент қаласының әкімдігі және кореялық «Хайгвилл» компаниясының арасында үшжақты меморандум бекітілді, деп хабарлайды ERNUR.KZ. Otyrar.kz ақпарат порталына сілтеме жасап.

Оның негізінде «Шымкент сити» жаңа тұрғын үй қалашығына алғашқы кезеңде 160 млрд-қа жуық теңге инвестиция салынады! Кореялық құрылыс компаниясы қаланың солтүстік аймағынан 51 гектар жерге он екі орамнан тұратын тұрғын үй кешенін салады.

5 мың пәтерлі көпқабатты түрлі санаттағы тұрғын үйлер болмақ.

«Хайгвилл» компаниясы 30 жылдық тарихы бар, Қазақстан мен Кореяның құрылыс нарығында үздік сапалы қызметтері үшін көптеген марапаттарға ие болған танымал компания.