Кентауда жас көркем гимнастика шеберлері өсіп келеді.
Б.Саттарханов атындағы балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінде көркем гимнастикадан Кентау қаласы әкімінің кубогына арналған қала біріншілігі болып өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.
Жарыстың ашылу салтанатына қатысқан қала әкімі Әбдібақыт Мақұлбаев пен қалалық мәслихат хатшысы Талғат Балабиев жас спортшыларға сәттілік тіледі.
Тартысты да, қызықты өткен бі-ріншілікке гимнастика үйірмесіне қатысушы жасөспірімдер белсене қатысты. Жүлделі орын алған спортшылар тиісті дәрежедегі димломдар және медальдармен марапатталды.