«Латын графикасына негізделген қазақ әліпбиі – жаңғырудың көзі»

0
2 068

Созақтықтар еліміздің ұлтымыз үшін жасаған маңызды бұл қадамын қолдайтындарын білдіріп, латын графикасын оқып үйренуге ерекше ықылас танытты.


«Латын графикасына негізделген қазақ әліпбиі – жаңғырудың көзі»

Жақында Түркістан облысы, Созақ ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің «Тілдерді оқыту және дамыту орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен «Латын графикасына негізделген қазақ әліпбиі – жаңғырудың көзі» атты семинар өткізілді, - деп ERNUR.KZ тілшісі.

Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында қазақ тілін латын әліпбиіне көшіру мәселесін жан-жақты қарастырып, 2025 жылға дейін толықтай көшіруді жоспарлап, «Біз 2025 жылдан бастап әліпбиімізді латын қарпіне, латын әліпбиіне көшіруге кірісуіміз керек. Бұл – ұлт болып шешуге тиіс принципті мәселе. Бір кезде тарих бедерінде біз мұндай қадамды жасағанбыз. Балаларымыздың болашағы үшін осындай шешім қабылдауға тиіспіз және бұл әлеммен бірлесе түсуімізге, балаларымыздың ағылшын тілі мен интернет тілін жетік игеруіне, ең бастысы – қазақ тілін жаңғыртуға жағдай туғызады», - деген болатын.

Созақ ауданында өткен есинардың мақсаты да – Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласындағы латын әліпбиіне көшу идеясын ілгерілету, «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру.

Семинарға Созақ аудан орталығындағы білім ұяларының тіл мамандарымен бірге әр сала мамандары қатысты.

Шара барысында семинар қатысушыларының назарына латын әліпбиінің тиімді тұстары жайлы бейнеролик көрсетілді. Созақ ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің «Тілдерді оқыту және дамыту» орталығының қазақ тілі оқытушысы Айтбек Есенгелді баяндама жасады. Ол латын қарпі – болашақтың кілті екенін, еліміз дамыған өркениетті мемлекеттер қатарына ену үшін Қазақстанның әрбір азаматы бұл графиканы үйренуі тиіс екенін айтты.

Семинарға қатысушылар еліміздің ұлтымыз үшін жасаған маңызды бұл қадамын қолдайтындарын білдіріп, латын графикасын оқып үйренуге ерекше ықылас танытты.