М. Əуезов атындағы ОҚМУ ректорлығынан қанша адам дәмелі екені белгілі болды

0
3 733

​М. Əуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің ректорлары сайлау бойынша байқауға қатысу үшін құжаттар қабылдау аяқталды, - деп хабарлайды ERNUR.KZ ҚР Білім жəне ғылым министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


М. Əуезов атындағы ОҚМУ ректорлығынан қанша адам дәмелі екені белгілі болды

М. Əуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің ректорлары сайлау бойынша байқауға қатысу үшін құжаттар қабылдау аяқталды, - деп хабарлайды ERNUR.KZ ҚР Білім жəне ғылым министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Сонымен бірге, құжат қабылдау Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінің жəне М. Өтемісұлы атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің ректорларын да сайлау бойынша жүрген.

Барлығы, үш мемлекеттік оқу орны басшылығына жарияланған байқауға 42 үміткер құжат тапсырған. Олардың даму бағдарламалары жоғары оқу мекемелерінің бақылаушы кеңестеріне қарастырылуға жіберіледі. Бақылаушы кеңестің мінездемелерін алған үміткерлер республикалық байқау комиссиясында сұхбаттасудан өтеді. Комиссияның қарастыруына ЖОО-ның бақылаушы кеңесі кем дегенде екі үміткерді ұсыну керек.

Республикалық комиссияның құрамына ҚР ЖОО қауымдастығы, білім саласы қызметкерлерінің кəсіподақтары, ҚР Парламентінің депутатары, белгілі ғалымдар, бизнес-құрылым өкілдері жəне басқа да қоғам қайраткерлері кіреді.

Қорытынды шешімді республикалық комиссия дауыс беру арқылы қабылдайды.

Айта кетейік, 16 мемлекеттік жоғары оқу орындарының ректорлары да осы жолмен таңдалған.