​Мақтааралда дербес бөлімдер үшін әкімшілік ғимараттың құрылысы жүріп жатыр

0
1 112

Құрылыстың жалпы құны 777 миллион теңгені құрайды.


​Мақтааралда дербес бөлімдер үшін әкімшілік ғимараттың құрылысы жүріп жатыр

Мақтаарал ауданында аудандық дербес бөлімдер үшін әкімшілік ғимаратының құрылысы жүріп жатыр, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Мырзакент кентінің Мадиходжаев көшесінде орналасқан алып ғимарат аудан орталығының келбетіне және де көрік қосатыны сөзссіз.

Құрылыстың жалпы құны 777 миллион теңгені құрайды. Қазіргі таңда мердігер "Нүрі-Л-Жетісай" ЖШС-і тарапынан құрылыс жұмыстары жүргізілуде. 3 қабаттан тұратын ғимаратта мемлекеттік қызметшілер мен аудан тұрғындары үшін барлық техникалық-материалдық жағдай жасалатын болады.
Айта кетейік, 2018 жылы іріленген Мақтаарал ауданы екіге бөлініп, жаңадан аудан орталығы атанған Мырзакент кентінде көптеген мемлекеттік органдар мен мемлекеттік мекемелер мектеп ғимаратында, арендалық ғимараттарға жайғасқан болса, ғимарат таппаған бірнеше мекемелер Атакент кентіне қоныс тепті.
Қазіргі таңда Мырзакент кентіндегі С.Рахымов атындағы жалпы орта мектепте 7 бірдей дербес бөлім орналасқан. Құрылысы жүріп жатқан әкімшілік ғимараты пайдалануға берілген жағдайда барлық дербес бөлімдер аталған ғимаратқа көшірілетін болады.