Мақтааралдық жастар Түркістанда 2 мыңнан аса ағаш көшетін отырғызды

0
1 085

Бұл көрсеткіш жоғарылай түспек.


Мақтааралдық жастар Түркістанда 2 мыңнан аса ағаш көшетін отырғызды

Мақтааралдық жастар Түркістанның түрленуіне атсалысуда, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Мақтаарал ауданының жастары облысымыздың орталығы Түркістан қаласының түрленуіне атсалысуда. Аудандық мәслихаттың депутаты, аудандық "Жастар ресурстық орталығы" КММ-нің директоры Сүндет Кенжебаев бастаған мақтааралдық жастар 3 күннен бері 2 мыңнан аса ағаш көшеттерін отырғызды.


"Түркістан - күллі түркі әлемінің рухани астанасы болғандықтан, бұл шаһардың түрленуіне, көркейіп дамуына атсалысу бәріміз үшін ортақ парыз. Сондықтан, 400 шақырым жерден келіп, дүйсенбіден бері киелі шаһарымызда ағаш көшеттерін отырғызудамыз. Ораза айында аузы берік болса да осындау сауапты іске атсалысқан барша мақтааралдық жастарға шынайы алғысымды білдіремін" - деді Сүндет Кенжебаев.


Айта кетейік, Мақтаарал ауданы 2019 жылдан бастап Түркістан қаласының 4-ші секторына бекітіліп, абаттандыру, көркейту, көгалдандыру бағытында аудан әкімі Бақыт Асановтың бастамасымен түрлі жобалар мен іс-шараларды ұйымдастырып келеді.


Жарық шамдар, қоқыс жәшіктері және орындықтар орнату, аяжолдар салу, көшеттер отырғызу, тас төсеу және аялдамалардың, үйлердің, басқа да ғимараттардың қасбеттерін түзеу бойынша көптеген жұмыстар атқарылған. Сонымен қатар, тазалық бағытында да қыруар сенбіліктер ұйымдастырылып, әрбір тұрғын үйдің иелерімен жеке дара жұмыс істеудің арқасында қоқыс шығару бойынша келісім-шарттар түзілген. Қаланы көгалдандыру үшін мақтааралдықтар 2020 жылы жалпы саны 4482 көшет, 2021 жылы 7656 көшет отырғызған. Биыл бұл көрсеткіш жоғарылай түспек.