Мақтаралдың қырыққабатты нарыққа жол тарта бастады

0
1 611

Мақтаралдық диқандар салмағы 1-1,5 келіден аспайтын қырыққабаттың нидерландық пандион сұрпын еккен. Ерте пісетін өнім түріне еуропалықтар мен ресейліктер тарапынан сұраныс өте жоғары.


Мақтаралдың қырыққабатты нарыққа жол тарта бастады

Мақтарал ауданында ерте егілген қырыққабат өнімдері пісіп, нарыққа жол тарта бастады. Ерте көкөніс өсіруде, оның ішінде қырыққабат егу бойынша ауданда көш бастайтын Атамекен ауылдық округінің диқандары алғаш өнім берген дақылдың 20 тоннасын Атырау қаласына жөнелтті,-деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Ақпанның басында егіліп, бүгінде өнімін беріп жатқан қырыққабат дақылы 900 гектар жуық жерге егілген және ол былтырғы жылмен салыстырғанда 112,8 гектарға артық. Бүгінгі таңда бірнеше ауыл округтерінде жұмысшы бригадалары құрылып, қырыққабатпен еліміздің солтүстік облыстарын қамтуды және Ресейге экспорттау көзделіп отыр.

Мақтаралдық диқандар салмағы 1-1,5 келіден аспайтын қырыққабаттың нидерландық пандион сұрпын еккен. Ерте пісетін өнім түріне еуропалықтар мен ресейліктер тарапынан сұраныс өте жоғары.

Жалпы, қырыққабат дақылы ерте пісетіндіктен, мақтаралдық диқандар оның артынан қауын-қарбыз егуге кіріседі. Осылайша жер емген шаруалар 1 жылда екі рет өнім алады. Былтырғы жылы мақтаралдық диқандар республиканың бірнеше облысын және Ресей Федерациясын қырыққабатпен қамтамасыз еткен болатын.

Айта кетейік, Мақтарал ауданында өткен жылы 3877 гектарға көкөніс егіліп, орташа 231,3 центнерден 89689 тонна өнім жиналған. Ал, оның 50 мың тоннадан астамы қырыққабат дақылы болатын.