Оңтүстік Қазақстан облысында бірқатар орта білім мектептеріне белгілі тұлғалардың есімдері берілді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
фото radio7.kz
Оңтүстік Қазақстан облысында бірқатар орта білім мектептеріне белгілі тұлғалардың есімдері берілді, деп хабарлайды ERNUR.KZ. inform.kz сайтына сілтеме жасап.
ҚР Үкіметінің Оңтүстік Қазақстан облысының білім беру ұйымдарына атау беру және қайта атау туралы «ҚР əкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Қаулысы бүгін баспасөз беттерінде жарияланды.
Оған сәйкес, «Мақтаарал ауданы білім бөлімінің «№120 жалпы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне Сабыр Рахымовтың есімі, «Мақтаарал ауданы білім бөлімінің «№123 жалпы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне Рахымжан Қошқарбаевтың есімі берілді.
Сондай-ақ «Қазығұрт аудандық білім бөлімінің «Комсомол» жалпы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі «Қазығұрт аудандық білім бөлімінің «Бауыржан Момышұлы атындағы жалпы орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі болып қайта аталды.