«Менің Елбасым» атты көрініс халық назарына ұсынылды

0
1 864

​Келес ауданында Қазақстанның Тұңғыш Президенті күніне орай мерекелік іс-шара өтті


«Менің Елбасым» атты көрініс халық назарына ұсынылды

Түркістан облысы Келес ауданында 1 желтоқсан Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күнін атап өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Келес аудандық мәдениет үйінде 1 желтоқсан Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президент күніне арналған «Елбасы – ел тірегі» атты мерекелік іс-шарасы болып өтті.

Қазақстан Республикасының әнұранымен бастау алған мерекелік іс-шара Келес халық театры әртістерінің «Менің Елбасым» атты Нұрсұлтан Назарбаевтың балалық шағынан, қазіргі өміріне дейін қамтылған көрінісі қойылды.

Салтанатты жиында аудан әкімі Ақментай Есбаев келестіктерді Тұңғыш Президенті күні мерекесімен құттықтап, мемлекеттік мерекенің еліміз үшін маңызы зор екенін, Елбасыға деген ел құрметін айрықша айғақтауға, бұл мерекенің дәстүрлі іс-шара екенін атап өтті.

Аудан әкімі Ақментай Үсенұлы ел игілігі үшін еңбек сіңірген азаматтарды аудан әкімінің алғыс хатымен марапаттады. Аудандық мәслихат хатшысы Арын Тотиков, елдің белсенді азаматтарына өзінің алғыс хатын табыстады.

Мерекелік іс-шара аудан өнерпаздарының концерттік бағдарламасымен жалғасты.