​«Мүгедектікке шығарамын» деп 700 мың теңгені қалтасына басқан күдікті әйел ұсталды

0
1 050

Тергеу барысында күдікті әйелдің Кентау қаласының бірқатар тұрғындарын алдап кеткені анықталды.


​«Мүгедектікке шығарамын» деп 700 мың теңгені қалтасына басқан күдікті әйел ұсталды

Түркістан облысындағы Кентау қаласында «мүгедектікке шығарып беремін» деп, бірнеше адамнан ақша алған алаяқтыққа күдікті әйел ұсталды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Кентау қалалық полиция бөліміне түскен жергілікті тұрғынның арызы бойынша, мемлекеттік қызметкермін деп таныстырған белгісіз азаматшаның «мүгедектікке шығарып беремін» деп 70 мың теңгесін алып, алдап кеткенін жазған. Содан соң сан соғып қалған тұрғын бірден полицияның көмегіне жүгінген.

Кентау ҚПБ-ның полицейлері аталған жайтқа байланысты тергеп-тексеру нәтижесінде күдікті әйелді анықтайды. Ол осы қаланың тұрғыны болып шықты.

Тергеу барысында күдікті әйелдің Кентау қаласының бірқатар тұрғындарын алдап, жалпы көлемі 700 мыңға жуық теңгені иемденгені белгілі болды.

Аталған жайттар бойынша ҚР ҚК-нің 190-бабымен сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстары жүргізілді. Бүгінде аталған іске қатысты барлық құжаттар жинақталып, сотқа жолданғанын хабарлады ТО ПД басқармасының баспасөз қызметі.