«NUR OTAN»: Келес ауданында жаңадан 10 мектеп салынады

0
2 451

Келес ауданы 7 бағыт бойынша дамитын болады.


 «NUR OTAN»: Келес ауданында жаңадан 10 мектеп салынады

«Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасына сәйкес, Келес ауданы 7 бағыт бойынша дамитын болады. Оның ішінде халықтың өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған барлық салалар қамтылған. Бұл туралы Түркістан облыстық маслихатының депутаттығына үміткер Жаңабай Ағабеков елдімекендерді аралап, сайлауалды үгіт-насихат жұмыстарын жүргізген кезде мәлімдеді.

Ж.Ағабековтың арнайылап барған елдімекеннің бірі Қошқарата ауылдық округі болды. Кандидат тұрғындармен өткізген кездесуінде ауданда алдағы уақытта партияны ықпалымен атқарылатын жұмыстар туралы айтты.

«Біздің өңір ауыл шаруашылығына бейім болғандықтан партия осы салаға ерекше басымдық беріп отыр. Мәселен, алдағы 5 жылдағы ауыл шаруашылығы техникаларын 60 пайызға жаңартып, асыл тұқымды уақ малды 5,6 мыңнан 8 мыңға, асыл тұқымды ірі қара мал санын 992-ден 1300 басқа дейін арттыру көзделіп отыр. Сондай-ақ, бордақылау алаңдарын салып, ағын су мәселесін шешуге ықпал етеді. Жайылым жерлерді ретке келтіріп, мал шаруашылығына қолайлы жағдай жасалатын болады. Міне, осындай елдің игилігі үшін жоспарланып отырған ауқымды жобаларды жүзеге асыру үшін халықтық қолдауы керек екені анық. Сондықтан баршаңызды «Nur Otan» партиясына дауыс беруге шақырамын», – деді Ж.Ағабеков.

Сонымен қатар, кандидат Жамбыл және Алпамыс батыр ауылдық округтерінде де болып, ондағы түйіткілді мәселелермен танысты. Кездесу барысында партия мүшесі ауданда ауыз су мәселесін шешу жолдары қарастырылып жатқанын жеткізді. Оның сөзінше, алдағы 5 жылда 28 ауыл ауданның 95,2 пайызы орталықтандырылған сапалы ауыз суға қол жеткізетін болады. Сондай-ақ, 30-ға тарта елдімекенге көгілдір отын жеткізіліп, қамтылу деңгейі 98,8 пайызды қамтиды. Ал, аудандағы ішкі көшелердің қанағаттанарлық деңгейі 100 пайызға жетсе, аудандық маңызы бар автомобиль жолдарының үлесі 94,9 пайызға жеткізіледі.
Басқосуда ауыл тұрғындары білім саласын жақсартуға байланысты сауал қойды. Ж.Ағабеков партияның сайлауалды бағдарламасы бойынша ауылдарда жалпы 10 мектеп жаңадан бой көтеріп, 8 білім ұясы күрделі жөндеуден өткізілетінін түсіндірді.
Айта кетейік, «Nur Otan» партиясының мүшесі Ж.Ағабеков әлеуметтік желі арқылы тікелей эфирде азаматтардың көкейтесті бірқатар сауалдарына жауап беріп, партияға дауыс беруге шақырды. Одан бөлек, түрлі салаларда қызмет етіп, елдің алғысын алған азаматтардың үйлерінде канвасинг кездесулер өткізді.
«NUR OTAN» ПАРТИЯСЫНА ДАУЫС БЕР!
«Nur Otan» партиясы Түркістан облыстық филиалының баспасөз қызметі

«Nur Otan» партиясының сайлауалды штабының қорынан төленді