Шаршы метр бағасы 180 мың теңге.
Түркістанда "Нұрлы жер" бағдарламасы арқылы тұрғын үй конкурсы басталды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Түркістан қаласы, ӘІО орналасқан 1,2 және 3 бөлмелі №5,6,7 тұрғын үйлер бойынша конкурс басталды. Түркістан қаласында орналасқан бұл тұрғын үйге әкімдікте үй кезегінде тұрған азаматтар өтінім қалдыра алады. Конкурсқа өтінім беру уақыты: 22.09.2021-13.10.2021 ж.ж. Конкурсқа түскен 147 пәтердің әр шаршы метрінің бағасы 180 мың тг.
Конкурсқа қатысу үшін өтініш берушінің тұрғын үй құрылыс банкіндегі шотында таңдалған тұрғын үй құнының кемінде 10%-ы болуы керек. Егер өтініш берушінің жинақ шотында таңдалған тұрғын үй құнының кемінде 20%-ы бар болса, заем берілуі мүмкін.
Пәтер түрлері: 1 бөлмелі 21 пәтер - 36,14 ш.м.; 2 бөлмелі 63 пәтер - 56,61-58.46 ш.м.; 3 бөлмелі 63 пәтер - 64,12-69,36 ш.м.
⠀
Нұрлы жер бойынша: несие пайызы - 5%, алғашқы жарна - 20%, несие мерзімі - 20 жылға дейін.
⠀
Табыс отбасы мүшелеріне шаққанда 3,7 күнкөріс минимумынан, яғни, 126917 теңгеден аспауы қажет. Яғни отбасының жалпы табысы, отбасы мүшелерінің санына бөлгенде 126917тг аспауы керек.
Мекен жайы: Б.Саттарханов даңғылы, 44 ғимарат. Өтінім жіберу www.baspаnа.otbasybank.кz сайты арқылы жүргізіледі.
⠀