Нұржан Әлтаев Түркістан жастарына балмұздақ сатқанын айтып берді

0
2 009

Жас күнінен армандаған мамандығының иегері атанған Нұржан Бауыржанұлы жастардың жетістікке жетуі жолында ешкім кедергі бола алмайтындығын түсіндірді


Нұржан Әлтаев Түркістан жастарына балмұздақ сатқанын айтып берді

Бүгін Түркістан қаласында жастармен кездескен ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, «Nur Otan» партиясының фракция мүшесі Нұржан Әлтаев жас кезінде қала кәсіп бастап, болашақ өмірге қадам жасағандығын айтып берді, - деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

"Жастар ешнәрседен қорықпауы керек. Барлығы өздеріңіздің қолдарыңызда. «Егер ағаң бақуатты ортадан шықпаса ешқандай қызметке орналасып, кәсіппен айналыса алмайсың» деген психологиядан арылу керек. Бұл өтірік сөз", - деген халық қалаулысы өмірлік тәжірибесімен бөлісті.

"Мен өте қарапайым отбасынан шыққанмын. Бір бөлмелі үйде тұратынбыз. Кішкентай ғана үйде тұрдық. Алты жасымда әкем қайтыс болды. Достарыммен Алматыға барып, шағын кәсіппен айналысуды бастадым. Алғашқыда балмұздақ саттым. Ол оңай нәрсе емес. Сатып жүргенде жартысы еріп кетеді. Шығыны көп. Студент бола жүріп, кешкісін киоскіде тұрып, ақша таптық. Күндіз сабақта болып, кешкісін жұмыс жасадық", - деді ол.
Сондай-ақ, жас күнінен армандаған мамандығының иегері атанған Нұржан Бауыржанұлы жастардың жетістікке жетуі жолында ешкім кедергі бола алмайтындығын түсіндірді.
Сондықтан, жастарды жақсы оқып, табысты жұмыс істеуге шақырды.