Облыс әкімі жаңа ауданның тіршілігімен танысты

0
2 436

Келес ауданында дамытудың тың жобалары қолға алынуда.


Облыс әкімі жаңа ауданның тіршілігімен танысты

ERNUR.KZ. Келес ауданында дамытудың тың жобалары қолға алынуда, деп хабарлайды ERNUR.KZ Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Түркістан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев жұмыс сапарымен Келес ауданына барды. Онда әуелі Достық елді мекеніндегі «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша атқарылып жатқан жұмыстармен танысты. Онда қазіргі таңда тұрғын үй құрылысы үшін 69 гектар аумақ қаралып,инфрақұрылым жүйесі қарастырылуда. Кейін өңір басшысы Жүзімдік ауылдық округінде орналасқан Келес өзеніндегі Оймауыт су бөгетіне тұрақтап, ондағы нысанның жағдайына қанық болды.


Облыс әкімі бастаған сапар Жуантөбе елді мекеніндегі «ТМ-Строй-21»ЖШС-нің пресс жіп иіру және қыш зауыттарының жұмыстарымен танысумен жалғасты. Жобаның жалпы құны – 250 млн. теңге, өндіріс орны жылына 1000 тонна пресс жібін дайындайды. Ал жобалық құны 160 млн.теңгені құрайтын қыш зауытының жылдық қуаттылығы 32,4 млн. дананы құрамақ. Биыл құрылысы басталған өндіріс орны 2020 жылы толық іске қосылады.


Сондай-ақ, Келес ауданына ресми сапар аясында аймақ басшысы Ошақты ауылдық округіндегі 600 орындық №105 Қоңыртөбе жалпы орта мектебінің ашылу салтанатына қатысты. Айтулы шарада сөз алған облыс әкімі жергілікті жұртты жаңа нысанның ашылуымен құттықтады.


«Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы: «Кез – келген ел өзінің келешегін өскелең ұрпағымен байланыстырады» деп атап өткендей, мемлекетіміз бала тәрбиесі мен оның білім алуына үлкен мән беріп, жан-жақты жағдай жасауда. Мәселен, биыл облыс бойынша республикалық және облыстық бюджет есебінен 18,4 млрд. теңгеге 90 мектептің құрылысы жүргізілуде. Оның ішінде Сарыағаш ауданында 19 мектептің құрылысы басталды. Жыл қорытындысымен облыс бойынша 45 білім ордасы пайдалануға берілетін болады. Оның ішінде 15 мектеп «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасы аясында салынуда. Оның 5-і Келес ауданының үлесінде.Жаңа оқу жылының қарсаңында 600 орындық мектептің жаңа ғимараты пайдалануға берілгелі отыр. Осы білім ұясынан елге қызмет етер азаматтар тәрбиеленіп шыға берсін», - деді Жансейіт Қансейітұлы.


Сапар соңында облыс әкімі Қошқарата ауылдық округіндегі «Қайнар» ЖШС-нің тың жобасымен танысты. Жобаның негізгі бағыты - қымыз өндіру және ат спортын дамыту. Бүгінде серіктестік жалпы саны50 сауынды биеден күніне 150-200 литр қымыз өндіріп отыр.