​ОҚО: 169 кг салмақтағы қошқар сайыста «жеңімпаз» атанды

0
4 796

Қошқарлар конкурсы бойынша, ең үлкен қошқар 169 кг салмақтағы Ордабасы ауданынан әкелінген қой болды. Таза, күтім көрген қошқардың иесі 200 мың теңгемен марапатталды.


​ОҚО: 169 кг салмақтағы қошқар сайыста «жеңімпаз» атанды

фото: иллюстрациялық

ERNUR.KZ. Бүгін Шымкент қаласындағы Қошқар Ата өзені бойында Ұлыстың Ұлы күніне орайластырылған дәстүрлі «Қошқар Ата сейілі» өтті. Мерекелік бағдарламада арнайы дайындалған қошқарлардың конкурсы өте қызықты болды.

Қошқарлар конкурсы бойынша, ең үлкен қошқар Ордабасы ауданынан әкелінген шопан ата төлі болды. Оның салмағы 169 келі. Таза, күтім көрген қошқардың иесі 200 мың теңгемен марапатталды.

Одан басқа, дәстүр бойынша қошқар көтеруден де тартысты жарыс өтті.

Әсіресе, 70 кг болатын қошқарды көтеріп отырып-тұрудан жарысқандарға елдің делебесін қоздырды. Бұл сайыста шымкенттік Акбар есімді жігіт иығындағы қошқармен 74 рет отырып-тұрып, жеңімпаз атанды. "Қошқар балуанға" өзі көтерген малы олжаға берілді.

фото: Кеңесбай Исмаиловтың әлеуметтік желі парақшасы