ОҚО-да өңірдің түкпір-түкпіріндегі қолөнершілер бас қосты

0
1 340

ERNUR.KZ. Шымкентте 1 наурыз – Алғыс айту күні мерекесі қарсаңында Оңтүстікте басталған онкүндіктің үшінші күні «Шабыт күні»тақырыбында жалғасын тапты.


ОҚО-да өңірдің түкпір-түкпіріндегі қолөнершілер бас қосты

ERNUR.KZ. Шымкентте 1 наурыз – Алғыс айту күні мерекесі қарсаңында Оңтүстікте басталған онкүндіктің үшінші күні «Шабыт күні»тақырыбында жалғасын тапты. Осы мақсатпен өңірге қарасты барлық аудан, қала орталықтарында «Ынтымағы жарасқан Қазақстан!»тақырыбында жергілікті қолөнер талант иелерінің бұйымдары мен шығармашылық өнер туындыларының көрмесі өтті. Одан өзге облыстағы жалпы орта мектептер мен колледждерде «Ынтымағы жарасқан Қазақстан!» тақырыбында шығармашылық байқаулар ұйымдастырылды.

«Адам баласы ежелден әшекей бұйымдарды киімнің ажырамас бөлігі ретінде санаған. Қазақ халқының ерте заманнан бастау алған зергерлік өнері халық өмірімен, тарихымен, шаруашылығымен тығыз байланыста дамып келеді. Әр туындының астарында терең мән-мағына бар. Осы дүниелер арқылы болашақ ұрпақ өзінің тек-танымын біліп, тарихи санасының жаңғыруына мүмкіндік алады, - дейді шебер Икрамжан Рафиков.

Айта кету керек, ертең оңтүстікте «Көршіге ізет» күні аясында көршілер арасындағы байланысты бекемдеу бағытында түрлі іс-шаралар ұйымдастырылатын болады.