ОҚО-дағы академия жекеменшікке сатылып кетті

0
2 573

Қолда бар мәліметтерге қарағанда, С.Сейітжанов бұл оқу орнын 3 миллиард 40 миллион теңгеге сатып алған. Бұл туралы мемлекеттік мүлік тізілімінің веб-порталында арнайы мағлұмат жарияланды.


ОҚО-дағы академия жекеменшікке сатылып кетті

Мемлекеттік мүлік тізілімінің веб-порталында электронды тендер ар­қылы саудаланған фармацевтикалық академияның бастапқы құны 2 миллиард 206 миллион 58 мың теңгені құраған екен. Сондай-ақ сатып алушыға аталмыш нысанды 10 жыл бо­йына өзінің негізгі бағытын сақтап тұру шарты міндеттелген, - деп хабарлайды zamana.kz.

Қолда бар мәлімет­терге қарағанда, С.Сейіт­­жанов бұл оқу орнын 3 миллиард 40 миллион теңгеге сатып ал­ған. Бұл туралы мемлекеттік мүлік тізілімінің веб-порталында арнайы мағлұмат жарияланды.

Шымкент фармацевтика академиясының құрылтайшысы ауысар қарсаңында бұл оқу орнының басшылығында да өзгерістер орын ал­ды. Ол жерде осыған де­йін бірнеше жыл бойы ректор болып жұмыс істеп келген Бақытжан Дербісәліұлы Сексенбаев бұл қызметтен босатылып, орнына Мырзабек Мырзашұлы Рысбеков тағайындалды. М.Рысбеков 1958-жылы туылған. Медицина ғылымдарының докторы. Кезінде Мәскеуде КСРО медицина ғылым академиясында аға лаборант, ассистент, доцент, деканның орынбасары болған. Кейін Оңтүстік Қазақстан медицина академиясында – проректор, Денсаулық сақтау минис­трлігінде департамент директоры болып еңбек еткен.

Бұл оқу орнының ендігі иесі – есімі елге белгілі шымкенттік кәсіпкер, аты-жөні «Форбс» журналының тізіміне енген азамат Серікжан Сейітжанов. Кәсіпкер фармацевтика академиясын арнайы конкурс жарияланғаннан кейін араға ай салып, яғни 26-желтоқсанда сатып ал­ған.