ERNUR.KZ. Оңтүстік Қазақстан облысында «Кино – руханияттың жаңғыру көзі» жобасы әлі де жалғасып жатыр. Бұл жолғы шара Отырар ауданында қолға алынды. Айта кетерлігі, Елбасы Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында «Кино – руханияттың жаңғыру көзі» атты жоба облыс әкімі Жансейіт Түймебаевтың тапсырмасымен қолға алынды.
ERNUR.KZ. Оңтүстік Қазақстан облысында «Кино – руханияттың жаңғыру көзі» жобасы әлі де жалғасып жатыр. Бұл жолғы шара Отырар ауданында қолға алынды. Айта кетерлігі, Елбасы Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында «Кино – руханияттың жаңғыру көзі» атты жоба облыс әкімі Жансейіт Түймебаевтың тапсырмасымен қолға алынды. Шарада өңіріміздің бірқатар аудан, қалаларында Оңтүстікте түсірілген көркем және анимациялық фильмдер апталығы өткізу жоспарланған. Аталған жоба Оңтүстік Қазақстан облысы мәдениет және тілдерді дамыту басқармасы мен «Оңтүстікфильм» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ұйымдастыруымен жүзеге асуда. Киноапталық шымылдығы Қазығұрт ауданында түрілді. Енді киелі Отырар ауданында жалғасып тапты.
Отырар ауданындағы кино апталығының ашылуын аудан әкімінің орынбасары Пердехан Жаппарқұлов құттықтау сөзбен ашып беріп, аудан тарапынан өшпес мұраларды жаңғырту ісі қарқынды жүзеге асып, алға қойылып отырған жоспарларда тарихи із назарда екендігін айтты. Сонымен қатар, "Оңтүстікфильм" мекемесінің директоры Батырхан Дәуренбеков фильмдердің тарихы мен жасалуына, ұрпақ үшін маңыздылығына тоқталып, алдағы уақытта құнды туындылар жарыққа шығару жоспары көп екендігін жеткізді.
Іс-шара барысында 2017 жылы Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында облыс әкімдігінің тапсырысы бойынша дайындалған «Отырарды қорғау», «Күш атасы - Қажымұқан» анимациялық фильмдері жəне Отырар ауданының əкімі Ерлан Айтахановтың тапсырысымен жасалған "Көне құмыраның сыры" анимациялық фильмі көрсетілді.
Шараға Отырар ауданының әкімдігі жəне зиялы қауым өкілдері, облыстық, жергілікті БАҚ өкілдері, аудан тұрғындары қатысты. Апталық аясында Отырар ауданы бойынша бірқатар елді мекендердің мәдениет үйлері мен клубтарында кино көрсетілімдер өтетін болады.
Ерекше атап өтерігі, облыс әкімі Жансейіт Қансейітұлының тапсырмасымен "Оңтүстікфильм" мекемесі мен "САҚ" киностудиясының бірлесіп «Отырарды қорғау" анимациялық фильмін, "Ұлы Жібек жолы бойындағы көне қалалар" деректі фильмін, "Көне жетігеннің сыры" 13 сериялы фильмін түсірді. Отырар ауданының əкімі Айтаханов Ерлан Қуанышұлының тапсырысымен "Көне құмыраның сыры", "Отырар дастаны" анимациялық фильмдері жарыққа шықты. Облыстық мәдениет және тілдерді дамыту басқармасындағылардың айтуынша, бұл жобаның мақсаты рухани құндылықтарды дəріптеуге арналып, кино саласында өз орнын қалыптастыра бастаған туындыларды əр аудан, қалада апта бойына кеңінен насихаттап, тұрғындарды толықтай қамтып, фильмдерді тамашалауға қолдау көрсету, тарихы мен тағылымын түсірілімдер арқылы жаңғырту болып табылады. «Кино – руханияттың жаңғыру көзі» жобасы аясында «Оңтүстікфильм» мекемесінің ұйымдастыруымен Оңтүстікте түсірілген фильмдер апталығы өңіріміздің өзге де аудан, қалаларында ары қарай жалғасын таппақ.