ОҚО: Сайрамдық бес тұрғын «терроризм» айыбымен сотталды

0
1 416

​Оңтүстік Қазақстан облысы Сайрам ауданында «терроризмді насихаттады» және «діни алауыздықты қоздырды» деген күдікке ілінген он адамның бесеуіне үкім шықты, - деп хабарлайды ERNUR.KZ.


ОҚО: Сайрамдық бес тұрғын «терроризм» айыбымен сотталды

Оңтүстік Қазақстан облысы Сайрам ауданында «терроризмді насихаттады» және «діни алауыздықты қоздырды» деген күдікке ілінген он адамның бесеуіне үкім шықты, - деп хабарлайды ERNUR.KZ «Азаттық радиосына» сілтеме жасап.

«Родикул Маккомбаев, Гафуржан Парпиев, Даниер Умаров, Махмуджон Худайбергенов, Фаррух Аскаров кінәні мойындау нысанындағы процестік келісім негізінде Қылмыстық кодекстің 256-бабы 2-бөлігімен («Терроризмдi насихаттау немесе терроризм актiсiн жасауға жария түрде шақыру») айыпты деп танылды. Оларға алты жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды» дейді Сайрам аудандық сотының судьясы Дина Тойжанова.

Үкім әзірге заңды күшіне енбеген.

2017 жылдың 16-қарашасында Ұлттық Қауіпсіздік комитетінің Оңтүстік Қазақстан облысындағы департаменті мен ішкі істер органдары бірлесіп Сайрам ауданының он тұрғынын ұстаған. Олар Қазақстан қылмыстық кодексі 256-бабының 2-бөлігімен («Терроризмдi насихаттау немесе терроризм актiсiн жасауға жария түрде шақыру») және 174-баптың 1-бөлігімен («Әлеуметтiк, ұлттық, рулық, нәсiлдiк, тектік-топтық немесе дiни алауыздықты қоздыру») жауапқа тартылған еді.