ОҚО: Ерікті жастар көше сыпырушы аналарға құрмет көрсетті

0
2 988

​Халықаралық әйелдер күні мерекесіне орай Оңтүстік Қазақстан облысының жастары облыс орталығы Шымкент қаласының тазалығына жауапты аналар қауымын елеусіз қалдырмай, ерекше әдіспен құттықтады, - деп хабарлайды ERNUR.KZ.


ОҚО: Ерікті жастар көше сыпырушы аналарға құрмет көрсетті

Халықаралық әйелдер күні мерекесіне орай Оңтүстік Қазақстан облысының жастары облыс орталығы Шымкент қаласының тазалығына жауапты аналар қауымын елеусіз қалдырмай, ерекше әдіспен құттықтады, - деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Оңтүстік Қазақстан облыстық Жастар орталығының ұйымдастыруымен жүз шақты ерікті жас қала көшелерін аралап шықты. Жастар қауымы қаланы тазалықпен қамтамасыз етуші 200-ден астам әйел азаматына таңғы сағат алтыдан бастап құрмет көрсетті. Яғни, олар көше сыпырушы, қоқыс жинаушы қызметкерлерге гүл шоқтарын сыйға тарту етті. Сонымен қатар ерікті жастар бұл сала мамандары жұмысының қаншалықты қиын екенін ескерген болу керек, оларға ыстық шәй мен тәтті бәліштерді де үлестіріп берді. Сондай-ақ еріктілер тазалыққа жауапты аналардың көңілін көтеру мақсатымен домбыра, баян секілді музыкалық аспаптардың сүйемелдеуімен өз өнерлерін де көрсетті.