Өмірзақ Шөкеев көшеттерді күтіп-баптаушыларға шүйлікті

0
471

«Таңғы сағат 5-те тұру керек» – Өмірзақ Шөкеев.


Өмірзақ Шөкеев көшеттерді күтіп-баптаушыларға шүйлікті

Түркістан қаласында қураған ағаштың көбеюіне алаңдаған облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев жауаптылар жұмысын қатаң сынға алды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Жасыл желекке оранған шаһардың ауасы таза, экологиялық ахуалы тұрақты болатыны белгілі. Мұны жақсы білетін Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев бұл мәселенің маңызын естен шығармауға шақырып, көшеттерді күтіп-баптауға жауаптыларға шүйлікті. Түркістан қаласында барлығы 55 саябақ пен сквер бар. Тамырынан нәр алмайтын қураған ағаштың көбеюіне алаңдаған облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев апталық аппарат отырысында жауаптылар жұмысын қатаң сынға алды. Таңмен таласа оянып, қызу тіршілікке кірісуді үйретті.


«Таңғы сағат 5-те тұру керек. Жұмыс киімін киіп алып, барлық нысандарды аралап жүру керек. Аудандардың әрқайсысы өзінің секторына жауап берсін. Көшетті отырғызғаннан бастап әр талдың түбін қопсыту, оны суару керек. Шөлдеп тұрған тал бірден көрінеді ғой. Каналдан суды бұрып алып келу қажет болса, оны жасаңдар. Ешкім жоқ демейді. Резервуар керек па, насос керек пе, суды жеткізу керек. Каналдар не үшін керек, суарылмаса?», - деді облыс әкімі.