Ішкі істер бөлімінің бастығына тұрғындар түнгі тыныштықтың бұзылуы, ұсақ бұзақылық сынды мәселелер бойынша шағым айтты. Әсіресе жалдамалы пәтердерде орын алып жататын тәртіпсіздіктер мен құқықбұзушылықтарға баса назар аударуын сұрады.
Шымкент қалалық ІІБ Әл- Фараби аудандық ІІБ-нің бастығы полиция подполковнигі Сейтжомарт Сейтхан қала тұрғындарымен тілдесіп, олардың арыз-шағымдарын тыңдады,-деп хабарлайды ERNUR.KZ ОҚО ІІД ОҚО ІІД Мемлекеттік тіл және ақпарат басқармасына сілтеме жасап. Қаладағы полицияның №25 тірек пункітіне қарасты аумақтағы көпқабатты үйлердің тұрғындарымен болып өткен кездесуге тәртіп сақшыларымен қатар, қалалық әкімдік және мемлекеттік кірістер басқармасының өкілдері де тартылды.
Ішкі істер бөлімінің бастығына тұрғындар түнгі тыныштықтың бұзылуы, ұсақ бұзақылық сынды мәселелер бойынша шағым айтты. Әсіресе жалдамалы пәтердерде орын алып жататын тәртіпсіздіктер мен құқықбұзушылықтарға баса назар аударуын сұрады.
Дегенмен, көпқабатты тұрғын үйлердің тұрғындарынан түскен арыз-шағымдардың дені пәтер иелері кооперативтерінің жұмысымен тікелей байланысты болды. Себебі, көпшілік үйдің ауласында бейнебақылау қондырғысы жоқ. Сол сияқты кейбір үйлердің жертөлесі қадағалаусыз, ашық жатыр. Енді бір үйлердің подъезінде жарық, бейнеқондырғы жоқ екенін, осындай келеңсіздіктер тәртіп бұзушылық пен қылмыстың орын алуына себеп болып жатқанын жеткізді.
Жүзге жуық тұрғын жиналған кездесу соңында полиция подполковнигі Сейтжомарт Сейтхан тұрғындар тарапынан түскен ұсыныстардың бірде-бірі қараусыз қалмайтынын айтты. Қалай болғанда да халықтың ұсынысы қанағаттандырылатыны, бұл бағыттағы мәселелерді тұрғындармен бірлесе жергілікті атқарушы органдар өкілдерін тартып қоғамдық кеңес құру арқылы шешетінін білдірді.
Сондай-ақ, тұрғындар учаскелік полиция инспекторларының жұмыс сапасы жайлы да пікірлерін білдірді. Мәселен, №25 тірек пункітінің учаскелік инспекторы полиция майоры Шойынбаев Берік осы аумақтағы қызметін бастағалы төрт жылдың ішінде қоғамдық тәртіп пен тыныштық әлдеқайда оңалған.
Халықпен бетпе-бет кездесіп, олардың арыз-шағымдарын тыңдау – бүгінде полицияның жұмысына өз пайдасын тигізіп отыр. Әсіресе олардан түсетін ұсыныс- пікірлерлерді полицейлер тиімді пайдалануда. Полиция подполковнигі тұрғындармен кездесулер әлі де өз жалғасын табатынын айтты.