Оңтүстікқазақстандықтар «өлкетану» күнін атап өтті

0
1 157

Бұл мереке облыс әкімі Ж.Түймебаевтың бастамасымен қолға алынған 1 наурыз – Алғыс айту күні қарсаңындағы онкүндік шарасы аясында ұйымдастырылып отыр,-деп хабарлайды ОҚО әкімінің баспасөз қызметі.


Оңтүстікқазақстандықтар «өлкетану» күнін атап өтті

Бұл мереке облыс әкімі Ж.Түймебаевтың бастамасымен қолға алынған 1 наурыз – Алғыс айту күні қарсаңындағы онкүндік шарасы аясында ұйымдастырылып отыр,-деп хабарлайды ОҚО әкімінің баспасөз қызметі.

Бұл күні Қазақстан халқы Ассамблеясының ұйымдастыруымен Шымкент қаласындағы №45 мектеп-гимназиясында «Туған жер – тұнған тарих» тақырыбында ашық сабақ өткізілді. Онда облысымыздағы этномәдени бірлестіктердің төрағалары мен мүшелері, зиялы қауым өкілдері, тарихшылар мен жастар қатысып, туған жердің тарихын әңгімеледі.

Жиын барысында Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары, облыстық корей этномәдени бірлестігінің төрайымы Р.Пак өткен тарихи оқиғалар мен бүгінгі заманның жетістіктерін салыстыра отырып, туған жерімізді аялау, өткенімізді бағалау, туған өлкемізді құрметтеу сынды маңызды құндылықтарды жас буынның бойына барынша сіңіру керек екенін жеткізді.

«Қиын-қыстау заманда таршылық өмір сүрсе де, күштеп қоныс аударылған түрлі этностарды бауырына басып, бір үзік нанымен бөліскен қазақ халқына деген алғысымыз шексіз. Біздің бір ғана Отанымыз бар, ол Тәуелсіз Қазақстан! Тарихымыз, бүгінгі жетістігіміз, болашаққа деген ортақ жауапкершілігіміз қоғамды біртұтастыққа бастайды. Мұны бүгінгі жас ұрпақ терең ұғынуы тиіс», – деді Роза Пак.

Сондай-ақ, осы күні облыстық «Жастар ресурстық орталығының» ғимаратында «Туған жер» бағдарламасы аясында өз ауылына көмек берген жанашыр жандар жастармен еркін форматта кездесу өткізді. Онда туған жерге деген азаматтық жауапкершіліктің мәні айрықша айтылып, туған өлкеге құрмет көрсету төңірегінде әңгіме өрбіді.

Бұдан бөлек, облысымыздың барлық аудан, қалаларында жергілікті жерлердегі тарихи, киелі орындарға арнайы экспедициялар ұйымдастырылды. Сондай-ақ, Елбасының бағдарламалық мақаласы негізінде туған өлкеміздегі киелі, тарихи орындарды жұртшылық санасында қайта жаңғырту мақсатында көнекөз қариялар мен ақсақалдардың қатысуымен кездесулер өткізілді.