ОҚО-да алғаш рет шетелдік және қазақстандық би ұжымдарының бірлескен концерті өтті

0
1 279

«Дейтон» заманауи би театры (Dayton Contemporary Dance Company – DCDC) шығармашылықтарының түп-тамыры афроамерикалық мәдениеттен бастау алады.


ОҚО-да алғаш рет шетелдік және қазақстандық би ұжымдарының бірлескен концерті өтті

ERNUR.KZ. Шымкент қаласындағы «Түркістан» сарайында Қазақстанға алғаш рет келген Америка Құрама Штаттарының «Дейтон» заманауи би театры және қазақстандық «Қазына» би ансамблінің бірлескен концерті өтті.

Шара барысында шетелдік би ұжымына облыстық мәдениет және тілдерді дамыту басқармасының Мәдениет және өнер бөлімінің басшысы Ғ.Шарафиева Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаевтың арнайы құттықтауы мен сый-сияпатын табыс етті.

Бірлескен жоба көрерменге ерекше әсер қалдырды.

«Дейтон» заманауи би театры (Dayton Contemporary Dance Company – DCDC) шығармашылықтарының түп-тамыры афроамерикалық мәдениеттен бастау алады. «Дейтон» заманауи би театрының негізін - Дейтон қаласының Огайо штатында 1968 жылы биші, оқытушы, хореограф, Марк-Артур степендиясының лауреаты Джеральдина Бланден қалаған. Бірегей америкалық би театры әлемге танымал.

Театрдың көркемдік жетекшісі Дебби Бланден-Диггс.

Олар ғажайып би нөмірлерін қою арқылы әлем бойынша жасаған іссапар барысында театр өнерінің жергілікті білім беру мекемелерінде шеберлік сабақтарын өткізіп келеді.

Ал, 1989 жылы құрылған «Қазына» би ансамблінің ұйымдастырушысы мен көркемдік жетекшісі ҚР Мәдениет қайраткері Мұсабек Жарқынбеков. 2003 жылдан бері ҚР Мәдениет қайраткері, педагогика ғылымдарының кандидаты Зәуре Әжібекова жетекшілік жасап келеді. Ансамбльдің қоржынында 70-ке жуық фольклорлық және заманауи жанрда, ТМД елдері және әлем халықтарының билері бар.