ОҚО-да экстремистік идеология таратқан 8 адам тұтқындалды

0
1 326

Департаменттің Тергеу басқармасымен барлық қажетті тергеу іс-шаралары жүргізілуде.


ОҚО-да экстремистік идеология таратқан 8 адам тұтқындалды

ERNUR.KZ. 10 мамыр ОҚО ІІД және ОҚО бойынша ҰҚКД қызметкерлерімен бірлесе отырып, облыстың бірқатар аудандарында арнайы шара өткізді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

"Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында аудандарында экстремистік идеология туралы аудио және бейнежазбаларды таратқаны үшін 8 азамат ұсталды. ОҚО ІІД-де ҚР ҚК –нің «әлеуметтік, ұлттық, рулық, нәсілдік, тектік-топтық немесе діни алауыздықты қоздыру» бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Департаменттің Тергеу басқармасымен барлық қажетті тергеу іс-шаралары жүргізілуде. Күдіктілер қамауға алынды", делінген хабарламада.