ОҚО-да Кәсіподақтар бірлестігі 8 мамандық бойынша 200 адамды оқытатын болады

0
1 284

«Оңтүстік Қазақстан облысының кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы Берік Бекжанов тың айтуынша, орталықта 200-ге жуық адам қамтылып, оларды тоқымашы, аспаз, жүргізуші, жиһаз құрастырушы секілді 8 мамандыққа оқыту көзделуде.


ОҚО-да Кәсіподақтар бірлестігі 8 мамандық бойынша  200 адамды оқытатын болады

ERNUR.KZ. Ағымдағы жылдың 1 маусымынан қыркүйек айына дейін ОҚО кәсіподағының оқыту орталығында «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасы» аясында жұмыссыз азаматтар тегін оқытылатын болады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

«Оңтүстік Қазақстан облысының кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы Берік Бекжанов тың айтуынша, орталықта 200-ге жуық адам қамтылып, оларды тоқымашы, аспаз, жүргізуші, жиһаз құрастырушы секілді 8 мамандыққа оқыту көзделуде.

Сонымен қатар, өңірдегі кәсіподақ бірлестігі облыстық сотпен әріптестікті жалғастыратын болады. Бұл тұрғыда жұмысшылардың еңбек құқығын қорғау мақсатында аумақтық кәсіподақ орталығында іс-шаралар жоспары түзілген. Оның бірінші бағыты бойынша татуластыру қызметтері орталығын құрып, еңбек дауларын сотқа дейін шешу болмақ.