Қазіргі таңда оңтүстікқазақстандық шаруалар 24 мың гектарға мақта дәнін сеуіп үлгерген. Бүгінде мақта өсірумен өңірдегі Арыс пен Түркістан қалалары мен Мақтаарал, Шардара, Ордабасы аудандары айналысады.
Еліміздегі ақ мақтаны өсіретін жалғыз өңір болып табылатын Оңтүстік Қазақстан облысында мақта дәнін себу жұмыстары басталды.Отандық тоқыма өнеркәсібінің дамуының негізін құрайтын облыста биылғы жылы меже бойынша шитті мақта 100 мың гектардан астам жерге себіледі деп межеленген, деп хабарлайды ERNUR.KZ
Қазіргі таңда оңтүстікқазақстандық шаруалар 24 мың гектарға мақта дәнін сеуіп үлгерген. Бүгінде мақта өсірумен өңірдегі Арыс пен Түркістан қалалары мен Мақтаарал, Шардара, Ордабасы аудандары айналысады.
Ал еліміздегі ақ алтынның отаны саналатын Мақтаарал ауданында меже бойынша мақта шиті 75 мың гектарға егілу керек болса, шаруалар биыл мақта алқабын 95 мың гектарға жеткізуді жоспарлап отыр. Соңғы күндері ауа-райының құбылып, жауын-шашынның жиілеп кетуінің салдарынан мырзашөлдік диқандармақта дәнін себу жұмыстарынбылтырғыдан 10-15 күнге кеш бастады. Соған қарамастан бүгінгі таңда мақтаралдық шаруалар 22 мың 844 гектарға мақта дәнін еккен. Сондай-ақ, ауданда 56 мың гектар жер чизлденсе, 93 мың гектардан астам алқаптырмаланып, тұқымдық шиттің себілуіне дайындалуда.
Биыл өңірде тұқымдық шит тапшылығы сезілген жоқ. Ақ алтын егумен айналысатын Мақтаарал ауданында 3 мың тонна шит дайындалған болатын. Бұдан бөлек, ауданға Қытай мен Түркия елдерінен де тұқымдық шит тасымалдануда. Қазіргі таңда шаруалар тұқымдық шиттің келісін сортына қарай 250-300 теңге аралығында сатып алып жатыр.Ал 1 гектар алқапқа 30 келі мақта дәні себіледі.
Айта кетейік, облыста өткен жылы 134,6 мың гектар жерге егілген мақта шитінен330 мың тонна өнім алынса, Мақтарал ауданының қырманына 219 мың тоннадан астам «ақ алтын» жиналған болатын. Мақта дақылының орташа өнімділігі әр гектардан 23,1 центнерді құраған.